Шымкентте «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Шымкентте «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 16 мен 21 қараша күндері аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен қала аумағында мал ұрлығының алдын алу мен ашуға бағытталған «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасының бір күндік қорытындысы бойынша Еңбекші ауданында бір мал ұрлығы қылмысы тіркеліп, ашылды. Сондай-ақ жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын тіркелген үш мал ұрлығы ашылды. Олардың екеуі – Қаратау ауданында, біреуі- Абай ауданында.
Шымкент қаласы аумағында мал ұрлықтарына қарсы күреске бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.