Шымкентте мониторинг жүргізу барысында карантин режимін бұзу жайттары анықталды
Шымкентте мониторинг жүргізу барысында карантин режимін бұзу жайттары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 сәуір күні сағат 14:20-да Шымкент қаласы Елшібек батыр көшесі 66 үйде орналасқан «Бензин» ресто-барына мониторинг жүргізу барысында карантиндік талаптарды сақтамай 50 адамға арналған құдалық өткізіп жатқаны анықталды. Ресто-бар әкімшісінің көмекшісінен түсініктеме алынды.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.
Сондай-ақ карантин талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылатынын еске салады.