Шымкентте моншалар жұмысын тоқтатар емес
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының мониторинг топ мүшелері кәсіпкерлік нысандарға карантин режимін бақылауға алу мақсатында, Әл-Фараби ауданының қызметкерлерімен рейдтік іс-шара жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Нәтижесінде, 29 шілде күні сағат 21:30 шамасында Шымкент қаласы Жәнібеков көшесі №24 мекенжайында орналасқан "Еснұр" моншасы жұмыс істеп жатқанын анықтады.
Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №25,26,27,28,29 Қаулысын бұзғандығы анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жайты бойынша шара көру үшін жинақталған іс-құжаттар Әл-Фараби ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.