Шымкентте полиция күштерінің гарнизондық таратуы өтті
Шымкентте полиция күштерінің гарнизондық таратуы өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қызмет атқарудың күшейтілген режиміне ауысты.
Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков мегаполис аумағында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін полицейлерге нұсқаулық жүргізді. Сондай-ақ жеке құрамның қызмет атқаруға дайындығын, нысанды киім мен құрал-жабдықтардың сәйкестігін және қызметтік құжаттарын жеке тексеріп шықты.
Полицейлерге қызметтік тәртіпті қатаң сақтау қажеттілігі, құқықтық тәртіпті бұзуға жол бермеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүктелген жауапкершілік туралы еске салды.
Сонымен қатар гарнизондық тарату кезінде өз қызметтік міндетін адал атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген тәртіп сақшылары департамент бастығының алғыс хаттарымен марапатталды.