Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте «Қару» іс-шарасы барысында 12 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Шымкент қаласы ПД қызметкерлері ағымдағы жылдың 3 ақпаны мен 2 наурыз аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шараның мақсаты – қала аумағында заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеуге, оларды сатып алу көздерін анықтауға, оны заңсыз жеткізу арналарын анықтау және оларды жоюға, қаруды заңсыз сақтау және алып жүрумен айналысатын тұрғындар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қарумен жасалатын қылмыстардың алдын-алу, ескерту және оларды ашу, жедел жағдайды тұрақтандыру болып табылады. Іс-шараның бір тәулігінде 124 тіркелген қару иелері тексеріліп, 12 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Заңсыз айналымнан екі бірлік қару және үш дана снаряд алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру