Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Шымкентте “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының аумағында жедел жағдайды сауықтыру, отты атыс қарумен жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында 17 мамырдан бастап “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында Шымкентте тіркелген 6 281 қару иесінің (8 071 қару) 6 213-і тексеріліп, тексеру нәтижесі 98,7%-ды құрады.

Тексеру барысында 159 әкімшілік құқық бұзушылық жайыттары анықталып, оның 42-ы сақтау ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабымен, 116 тіркеу ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осыған сәйкес 66 бірлік тіркелген қару тәркіленіп, уақытша сақтауға жолданды.

Заңсыз айналымнан 30 бірлік қару және 46 дана оқ-дәрі тәркіленіп алынды. Олар: үш дана тегіс ұңғылы қару, бір дана қолдан жасалған қару, тоғыз дана травматикалық тапанша, 11 дана газды тапанша, алты дана электрошокер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру