Шымкентте «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы өтуде
Шымкентте «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы аясында № 71 жалпы орта мектебінің инспекторы Мақсат Төлегенов кезекші сынып оқушыларымен бірге жол қауіпсіздігі туралы сұхбат жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Акция барысында «Жол ережесін білесің бе?» тақырыбында онлайн-сауалнама, бастауыш сыныптарда «Жолда жүру ережелері» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Сондай-ақ «Жол ережесін білейік, аман – есен жүрейік!» тақырыбындағы сурет сайысы да оқушыларды ерекше бір жігерлендірді.
Жалпы елімізде 10 тамыз бен 25 қыркүйек аралығындағы «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы өтуде. Акцияның мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру.
Акция шеңберінде өткізілетін әрбір іс-шара оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға және қауіпсіз мектеп ортасын құруға жауапты мінез-құлық дағдылары мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.