Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте қонақ үйде притон ұйымдастырған жеңгетай анықталды

Республика көлеміндегі «Стоп-трафик» іс-шара шеңберінде Шымкент қаласының Полиция департаменті Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері адам саудасына қатысты қылмыстарды анықтау және олардың алдын алу бойынша жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкенттік тәртіп сақшылары аталған іс-шара барысында қаладағы қонақ үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған азаматшаны анықтап, Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жеткізді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабының 1-бөлігімен (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру