Шымкентте қызы аман-есен табылған ана полицейлерге алғыс айтты
Шымкентте қызы аман-есен табылған ана полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне «102» арнасы арқылы 00:15 шамасында Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Азаматша өз арызында 16 ақпан күні дәріханаға капельница салдыруға кеткен қызының қайта оралмағанын айтып, көмек сұраған.
Қызының амандығына алаңдаған ананың арызының негізінде жедел-іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Оқиға орнына Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасынның жедел тереу тобы шығып, хабар-ошарсыз кеткен қызды жедел түрде тауып, анасына табыстады.
Тәртіп сақшылары жасөспіріммен және оның анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Өз кезегінде қызы аман-есен табылған азаматша тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.