Шымкентте рейд барысында 5 құқықбұзушылық анықталды
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша мобильді топ өкілдерінің бірлескен рейдтік іс-шарасы барасында орта және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бес құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №25,26,27 қаулыларында көрсетілген шектеулерді бұзып, азаматтарға қызмет көрсеткен.
Олар:
- Шымкент қаласы, Республика даңғылы №1 үйде орналасқан "Полигон" компьютерлік ойын клубы;
- Жангельдин көшесі №8/А үй жанында орналасқан "Арена" компьютерлік ойын клубы;
- А.Байтұрсынов көшесінде орналасқан "Аян" азық-түлік дүкені;
- Ташенов және Уалиханов көшесі қиылысында орналасқан "Оңаша" саунасы;
- Ташенов және Мамедов көшесі қиылысында орналасқан "Roza Shym" гүлдер дүкені.
Аталған кәсіпкерлік субьектілеріне қатысты жинақталған іс-құжаттарды, ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабына сәйкес әкімшілік шара көру үшін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жолданды.