Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте рейд барысында 5 құқықбұзушылық анықталды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша мобильді топ өкілдерінің бірлескен рейдтік іс-шарасы барасында орта және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бес құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №25,26,27 қаулыларында көрсетілген шектеулерді бұзып, азаматтарға қызмет көрсеткен.

Олар:

– Шымкент қаласы, Республика даңғылы №1 үйде орналасқан “Полигон” компьютерлік ойын клубы;

– Жангельдин көшесі №8/А үй жанында орналасқан “Арена” компьютерлік ойын клубы;

– А.Байтұрсынов көшесінде орналасқан “Аян” азық-түлік дүкені;

– Ташенов және Уалиханов көшесі қиылысында орналасқан “Оңаша” саунасы;

– Ташенов және Мамедов көшесі қиылысында орналасқан “Roza Shym” гүлдер дүкені.

Аталған кәсіпкерлік субьектілеріне қатысты жинақталған іс-құжаттарды, ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабына сәйкес әкімшілік шара көру үшін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру