Шымкентте “Таза қала” сауықтыру іс-шараcы бойынша жеті мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды
Шымкентте “Таза қала” сауықтыру іс-шараcы бойынша жеті мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының аумағында 13 қаңтар мен 13 ақпан аралығында “Таза қала” іс-шарасы өтуде.
Жедел профилактика басталған он тоғыз тәулік ішінде – 6934 құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде:
ҚР ӘҚБтК 505-бап (Қоқыс тастау) бойынша – 1 548;
ҚР ӘҚБтК 434-бап 2-бөлігі (Коммуналдық қалдықтарды тастау) – 602.
Сондай-ақ қайыршылық жасап жүрген 482 адам анықталып, Әкімшілік кодекстің 449-бабымен хаттама толтырылды.
Қабылдап-тарату орынына 31 адам орналастырылса, жалға берілетін 1601 пәтер тексерілген. Ал карантин режимін бұзған 412 нысан анықталды.
Ішкі істер органдарында есебінде тұрған 3212 адам мекенжайы бойынша тексерілді. Полиция басқармаларына 3730 адам жеткізіліп, қол-саусақ іздері алынған.