Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде 30 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Екі күн ішінде “Мигрант” жедел алдын алу іс-шарасы барысында 30 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында 1-5 ақпан аралығында ПД Көші-қон қызметі басқармасы заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

Негізінен шетелдіктер республикада болу ережелерін бұзады.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін барлығы – 39 азамат, оның ішінде 30 шетелдік және тоғыз Қазақстан Республикасының азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, соттың шешімімен 10 шетелдік елден шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру