Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте темір жол құралдарын ұрлаған тұрғын ұсталды

Шымкентте темір жол рельсінің жалғағыш темірін ұрлаған адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 28 ақпанында Қаратау аудандық полиция басқармасының «102» телефонына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, белгісіз біреу Тассай мөлтекауданында орналасқан ЖШС-ның аумағынан жалпы құны 36 мың теңге тұратын сегіз дана темір жол рельсінің жалғағыш темірін (накладка) және жалпы құны 121.500 теңге тұратын 80 дана болттарын ұрлағанын көрсеткен.
Қаратау аудандық Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті азамат анықталды. Күдікті азамат басқармаға жеткізілді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру