Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте Тергеу және Анықтау құрылымдарының былтырғы атқарылған жұмыстары қорытындыланды

2020 жыл бойынша Тергеу және Анықтау құрылымдарының атқарылған жұмыстары қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеушілердің жүктемесіне сәйкес Ішкі істер министрлігі тергеушілер мен анықтаушылардың тиісті жұмыс жағдайларын жасауға бар күшін салуда. Бұл тергеу қызметкерлерінің ақшалай қамтылымын ұлғайту және тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы. Сонымен бірге тергеу жұмыстарын жетілдіру бағыты сақталуда, оның ішінде халықпен жұмыс істеудің жаңа әдістерін игеру қажет. Қазіргі таңда «Е-Қылмыстық іс» бойынша аумақтық бөлімшелердің барлығы дерлік заманауи компьютерлермен жабдықталып, толығымен жарақтандырылған.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің тергеу және анықтау салалары 2020 жылы көптеген жетістіктерге қол жеткізген. Атап айтқанда 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы тіркелген қылмыстық істер саны едәуір азайып отыр. Яғни, 2019 жылы қала бойынша жалпы 18 111 қылмыстық іс тіркелген болса, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 14 638 сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері тіркелген.
2020 жылы жалпы 3 723 қылмыстық іс сотқа жолданған, ол 2019 жылға қарағанда 231 қылмыстық іске ұлғайып отыр.

Олардың ішінде электронды форматта жүргізілетін «Е-Қылмыстық іс» бойынша 1 309 іс сотқа жолданып, 2019 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 884 іске артқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру