Шымкент полицейлері түнгі рейдке шықты
Шымкент қаласында полицейлер түнгі рейдке шығып, тәртіп бұзғандарды жауапқа тартты,- деп хабарлайды Polisia.kz.
11 маусым күні қаланың «1 мамыр» көшесінде бір-бірімен жарыспақ болған екі көліктің иесі тұрғындардың түнгі тыныштығын бұзды. Тәртіп сақшылары сол бойда әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салды.
Одан бөлек, түнгі 11-ден кейін үйден тыс жерде қыдырып жүрген 15 жасөспірім Абай ауданының Полиция басқармасына жеткізіліп, ата-аналары шақырылды.