Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері түнгі рейдке шықты

Шымкент қаласында полицейлер түнгі рейдке шығып, тәртіп бұзғандарды жауапқа тартты,- деп хабарлайды Polisia.kz.

11 маусым күні қаланың “1 мамыр” көшесінде бір-бірімен жарыспақ болған екі көліктің иесі тұрғындардың түнгі тыныштығын бұзды. Тәртіп сақшылары сол бойда әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салды.

Одан бөлек, түнгі 11-ден кейін үйден тыс жерде қыдырып жүрген 15 жасөспірім Абай ауданының Полиция басқармасына жеткізіліп, ата-аналары шақырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру