Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте түнгі уақытта жұмыс істеп тұрған кафе анықталды

Шымкентте түнгі уақытта жұмыс істеп тұрған кафе анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл жайттардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде. 

3 қыркүйек таңғы сағат 04:30-да Рысқұлов көшесінде орналасқан “Инста бар” кафесі карантин талаптарына бағынбай, жұмысын жалғастырып жатқаны анықталды. 

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру