Шымкентте тұрақты мекенжайы жоқ 45 адам қабылдап-тарату орнына жеткізілді
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап 20 қарашасы аралығында қала аумағында «Қайыршы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның мақсаты – Шымкент қаласы аумағында тұрақты мекенжайы жоқ, қаңғыбас, қайыршылықпен айналысып жүрген адамдарды анықтап, арнайы қабылдап-тарату орнына орналастыру, іздеуде жүрген, сондай-ақ есепте тұрған адамдардың тұрмыс-тіршілігін анықтау және тексеру, көші-қон заңнамасын бұзу жайттарын анықтау, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
«Қайыршы» іс-шарасы барысында ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен 242 әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Қабылдап-тарату орнына 45 адам жеткізілген. Бұл бағыттағы профилактикалық іс-шаралар өз жалғасын табады.