Шымкентте үйінен шығып, қайтып оралмаған қызды полицейлер тапты
Шымкент қаласының полицейлері үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған кішкентай қызды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші АПБ-не 13 ақпан күні кешкі сағат 20-00 шамасында жергілікті тұрғын арызданып келген. Әйел өз арызында кешкі сағат 20-00 шамасында қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткенін көрсеткен. Қыздың анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.
Полицейлер ақпарат алысымен бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Көрген-білгендерден жауап алып, халық көп шоғырланған аймақтарда сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Шымкент қалалық Полиция басқармаларына бағытнамалар жіберілді. Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Соның нәтижесінде 2-3 сағат көлемінде қыздың жүрген жері анықталды. Қазіргі таңда кішкентай қыз анасына аман-есен табысталды.
Өз кезегінде қызының дін-аман табылғанына қуанып, анасы: – Қызым белгісіз себептермен үйден шығып кеткен болатын. Өзім іздестіріп таба алмаған соң полиция қызметкелерінен көмек сұрадым. Шымкенттік полицейлер жедел іздестіріп, қызымды тауып берді. Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚ Патрульдік полиция полкінің 717 автоэкипаж қызметкерлері Б.Орынбаев М.Машрапов, сондай-ақ, 714 экипаждың аға қызмет инспекторы Қ.Дуйсебаевтарға алғысым шексіз. Шымкенттік полицейлерге алғысымды айтамын!, – деп ризашылығын білдірді.
Шымкент қаласының полицейлері барлық ата-аналарға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керектігін үнемі ескертіп, оларды бақылауда ұстауға кеңес береді.