Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ұялы телефон ұрлығы ашылды

Шымкенттік полицейлер телефон ұрлаған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қазанда 1993 жылы туған жергілікті тұрғын Отырар шағын ауданында тұратын құрбысының үйіне қонаққа барып, асхана бөлмесінде ұйықтап жатқан кезде белгісіз біреу  «Samsung A40» маркалы телефонын жасырын түрде ұрлап кеткен.

Әл-Фараби ауданы ПБ  қызметкерлері жедел-іздестіру  іс-шараларын өткізу барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 2001 жылы туған азаматты анықтады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру