Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ұялы телефон ұрлығы ашылды

Шымкентте көліктен ұялы телефон ұрлаған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 9 наурызында Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында қаладағы кафелердің бірінің алдында тұрған автокөлігінен құны 120 200 теңге тұратын «Samsung A-41» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен. Күдікті телефонды жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Еңбекші АПБ ЖПҚБ №43 учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп көп ұзамай қолға түсірді. Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының тәртіп сақшылары азаматтардан қырағылық танытуын, бағалы заттарын автокөлік ішінде, дүкенде, ойын-сауық орталықтарында қараусыз қалдырмауын сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру