Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 30-дан астам қылмыс қызметтік иттер арқылы ашылды

ШҚО-да 30-дан астам қылмыс қызметтік иттер арқылы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстанда 2021 жылдың басынан бастап қызметтік иттердің көмегімен 30-дан астам қылмыс ашылған.

ШҚО полициясында 80-нен астам ит қызмет атқаруда. Оның ішінде 41 ізге түсу жұмысында, есірткі заттарды іздеуге 14 ит тартылған, жарылғыш заттарды іздеуге – 13, сонымен бірге, екі шабуылдау иті де бар, айдауыл және күзетке – бес, иістерді өте жақсы ажырататын (одорология) төрт ит бар.

Мұнда “төрт аяқты полицейлер” қылмыс орын алған жерлерге жиі шығып, “ізін суытпай” қылмыскерді іздеуге, жарылғыш заттарды, есірткілер мен оқ-дәрілерді, сондай-ақ жоғалған адамдарды іздеуге қатысады.

Сонымен қатар, иттер әртүрлі көпшілік іс-шараларды өткізу аумақтарында және көліктерде тәртіпті қамтамасыз етеді.

Кезекші тәулікте “102” жедел тергеу тобының құрамында облыс бойынша із кесу жұмысына 19 қызметтік-іздестіру иті шығады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Семей және Шемонайха бекеттерінде тәулік бойы кезекшілікті жүзеге асырады.

2021 жылы инспектор-кинологтар қызметтік-іздестіру иттерімен бірге 900-ден астам оқиға орнына шығуды жүзеге асырған. Оның ішінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағыты бойынша 43, жарылғыш заттарды іздеуге 345, кезекші жедел тергеу тобының құрамында 585 шығу жүзеге асқан.

– Жыл басынан бері қызметтік-іздестіру иттері 32 қылмысты ашуға қатысты. Оның ішінде есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты 16 қылмыс. Арнайы операцияларды өткізу кезінде заңсыз айналымнан шамамен 500 грамм есірткі тәркіленген болатын. Криминалдық полиция желісі бойынша 16 қылмыс ашылды, – деді ШҚО ПД кинологиялық қызмет орталығының бастығы Өмірзақ Касаинов.

Кинолог полициейлердің айтуынша, қызметкерлері иттің қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтауға көмегі орасан зор.

Кинология қызметінің қызметкерлері мен олардың төрт аяқты достары қаскүнемдердің құқыққа қарсы іс-әрекеттерінің жолын кесуге атсалысады.

Кинологиялық қызметі ҚР ІІМ-нің ең қызықты бөлімшелерінің бірі екенін айта кеткен жөн.

Сондықтан кинолог мамандығы полицияның басқа мамандықтарынан ерекшеленеді. Қызметтік міндеттерді орындауда кинолог маман өзінің серіктесі – қызметтік итке сенім артады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру