Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте заңсыз балық аулаған үшеу жауапқа тартылды

Шымкентте заңсыз балық аулаған үшеу жауапқа тартылды, – деп хабарлайы Polisia.kz.

Шымкент қаласының аумағында балық уылдырық шашатын кезеңде браконьерліктің жолын кесу мақсатында 9 сәуір мен 31 мамыр аралығында “Уылдырық-2021” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты – заңсыз балық аулау жəне оның айналымын, сондай-ақ балық өнімдерін анықтау жəне жолын кесуге бағытталған.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы Табиғатты қорғау тобының қызметкерлерімен Бадам су қоймасында заңсыз балық аулаудың үш жайты анықталды. Анықталған үш адам ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру