Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте заңсыз балық аулаудың 15 жайты анықталды

Шымкент қаласында заңсыз балық аулаудың 15 жайты анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың сәуір айының 1-і мен мамыр айының 31-і аралығында Шымкент қаласында “Уылдырық-2021” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шымкент қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы Еңбекші аудандық полиция басқармасы Табиғатты қорғау тобының қызметкерлерімен Бадам су қоймасында рейдтік іс-шара өткізілді.

Рейдтік іс-шара аясында қалалық, аудандық басқармалардан 100 қызметкер жұмылдырылуда. Іс-шара басталғалы заңсыз балық аулаудың 15 жайты анықталды. Заңсыз балық аулаған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1-бөлігімен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік хаттама толтырылған жағдайда 10 айлық АЕК айыппұл салынады.

Тәртіп сақшылар заңсыз балық аулау жайтын анықтаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру