Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте заңсыз балық аулаудың екі жайты анықталды

Шымкентте заңсыз балық аулаудың екі жайты анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының аумағында заңсыз балық аулау жəне оның айналымын, сондай-ақ балық өнімдерін анықтау жəне жолын кесуге бағытталған “Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында ЖПҚБ табиғатты қорғау тобының қызметкерлері берілген тапсырмаға сәйкес, жақын маңдағы өзен, көл, тоғайларға рейдтік шаралар жүргізді. Нәтижесінде, Бадам су қоймасында заңсыз балық аулаудың екі жайты анықталды.

Аталған жайт бойынша азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігі (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылды.

– Шара кезінде заңсыз балық аулауға тосқауыл қою мақсатында біз күнделікті профилактикалық жұмыстар атқарып, рейдтік шаралар жүргізіп отырамыз. Сондай-ақ, барлық су айдындарындағы суда жүзу құралдарына тексеру жұмыстары жүргізіліп, құжаттары реттелмеген немесе құжаты мүлдем жоқ барлық суда жүзу құралдары анықталатын болады. Браконьерлік әрекеттерге қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген, – дейді табиғатты қорғау тобының аға инспекторы Ұлықбек Сабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру