Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері өзбек әріптестерімен балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесін талқылады

Алматы полицейлері өзбек әріптестерімен балаларға қатысты жасалатын тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Жансая” дағдарыс орталығы өкілдерінің, ӨР балалар құқықтары жөніндегі Уәкілі А.Юнусова бастаған Өзбекстан Республикасының делегациясының қатысуымен өткен дөңгелек үстелде Қазақстан мен Өзбекстандағы балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.

– Туылғанда тіркеуді қамтамасыз ету, азаматтығы жоқ балалардың мәселелерін шешу сияқты сұрақтарды талқыладық. Құжаты жоқ мигрант балалар білім алу, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру және қорғау қызметтеріне қол жеткізуде қиындықтарға тап болады. Бөлінген және қарауынсыз қалған балалардың қанауға, адам саудасына және зорлық-зомбылыққа ұшырау қаупі бар. Бұл аспектілерге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, қонақтар Алматы қалалық ювеналды полицияның әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің жұмысымен танысты, сондай-ақ полиция мен ҮЕҰ-дың, мемлекеттік органдар мен балалардың құқықтарын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу ұйымдарының өзара іс-қимыл тәжірибесін зерделеді, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Дөңгелек үстел барысында тараптар көші-қон үдерістерінде балалардың құқықтарын тиімді қолдау мен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен күш-жігерді жұмсауға келісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру