Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте “Заңсыз келуші” іс-шарасы өтіп жатыр

Шымкентте “Заңсыз келуші” іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласында “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның үшінші тәулігінде қала аумағында Қазақстан Республикасына келу, болу және кету ережелерін бұзған 186 шетелдік пен ҚР азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шымкент ПД-ның қабылдап-тарату орнына жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ 69 адам орналастырылды. 121 тұлғаның саусақ іздері алынды.

Шетелдіктердің ҚР-да болу ережелерін бұзған 153 азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 21 Қазақстан Республикасының азаматы анықталып, оларға қатысты әкімшілік жауапкершіліктері қаралды.

Шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 8 қазақстандық анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, адамдарды мазалап қайыршылық жасап жүрген 4 шетелдік анықталып, елден шығарылды .

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру