Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте заңсыз топырақ қазған жүк көлігі айыптұраққа қойылды

Шымкентте заңсыз топырақ қазған жүк көлігі айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала аумағында жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерін тоқтату бойынша Табиғатты қорғау полиция тобының қызметкерлері жер қойнауын заңсыз пайдалануды анықтау, оның алдын алу бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізуде.

Мәселен, кезекті рейдтік шара барысында тәртіп сақшылары Бозарық айналма аумағында жүк арту көлігімен заңсыз сазды топырақты қазып, HOWO жүк көліктеріне артып жатқан тұлғаларды анықтады.

Оқиға орнына Қаратау ауданы Полиция басқармасынан жедел-тергеу тобы шақыртылып, құқық бұзушылық құралы ретінде пайдаланылған жүк тасу көліктері заңды шешім қабылданға дейін айыптұраққа қойылды. Азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жүргізушілер өз кінәсін толығымен мойындап, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін осы қадамға барғанын айтқан.

Аталған жайт бойынша экологияға келтірген залалдың көлемі анықталғаннан кейін тиісті шара көрілетін болады.

Жалпы, жыл басынан бері жүргізілген жұмыстар барысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған төрт жайт, оның ішінде бір экскаватор анықталып, 3 жүк тасу көліктері айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру