Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жасөспірімдер арасында таэквондодан халықаралық турнир өтті

Шымкентте жасөспірімдер арасында таэквондо спортынан халықаралық турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарысқа көршілес Өзбекстан және Қырғызстан республикаларынан келген 500-ден астам спортшы қатысты.

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында ұйымдастырылған турнирге Шымкент қаласы ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Түркістан аумақтық таэквондо федерациясы және “Сергали-Туркестан” аймақтық қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері атсалысты.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Б.Карбеков қатысушыларға сәттілік тілеп, салауатты өмір салтын ұстанудың және спортпен шұғылданудың маңыздылығын атап өтті.

Спортшылардың жас және салмақ ерекшеліктеріне сәйкес тарысты турнир екі кезеңге созылды. Мұнда ер жігіттермен бірге нәзік жандылар да өзара сайысқа түсіп, бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы медальдар мен кубоктар табысталды.

Айта кетейік аталған турнир Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан республикаларының таэквондо федерацияларының қолдауымен өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру