Шымкентте жасөспірімге спирттік ішімдік сатқан дүкендер тексерілуде
Шымкентте жасөспірімге спирттік ішімдік сатқан дүкен тексерілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 7 сәуірінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасы Ювеналды полиция тобының қызметкерлері жасөспірімдерге спирттік ішімдік және темекі сату жайттарын анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізді. Аудандағы дүкендер мен сауда орындарындағы сатушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Тәртіп сақшылары тарапынан осындай іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады.
Өз кезегінде полицейлер жасөспірімдерге спирттік ішімдік пен темекі сату жайты анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді.