Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жасырын жұмыс істеген кафе анықталды

Шымкентте жасырын жұмыс істеген кафе анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл жайттардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.

Түнгі уақытта сағат 00:38-де Бәйдібек би көшесінде орналасқан “Қазына” кафесі карантин талаптарына бағынбай, жасырын жұмысын жалғастырып жатқаны анықталды.

https://youtube.com/shorts/SJ84aFpa63g?feature=share

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру