Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жігіт ғашығына 4 телефонды несиеге рәсімдеп, қашып кетті

Шымкентте жігіт ғашығына 4 телефонды несиеге рәсімдеп, қашып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші қыздың айтуынша, жігіті сеніміне кіріп, оның атына төрт “Samsung-А32” маркалы ұялы телефонын несиеге рәсімдетіп алған.

Арада уақыт өте жігіті ұялы телефонына жауап бермей, несие төлемін жасамай, бой тасалаған. Келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгені құрады.

Полицейлер азаматтың жеке басын анықтап, ұстау шараларын жүргізді. Екі күн бойы үзіліссіз қажетті іс-шараларды атқарып, нәтижесінде алаяқтық жасаған жігітті қала аумағынан қолға түсірді.

Тергеу барысында ұсталған жігіт ұялы телефондарды өзінің бас пайдасы үшін сатып жібергені анықталды.

Қазіргі таңда ол азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс-қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұдан бөлек басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру