Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жоғалған 10 және 13 жастағы екі бала табылды

Шымкентте жоғалған 10 және 13 жастағы екі бала табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін таңғы сағат 8:00-де Шымкент қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында 10 және 13 жастағы ұлдары үйден шығып, белгісіз бағытқа жоғалып кеткенін көрсеткен.

Жоғалған балаларды іздестіру іс-шарасына Шымкент қалалық ПД-нің бастығы Ералы Жумаханбетовтың дабыл қағуымен аудандық ПД-на тапсырма беріліп, департаменттің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарына Ұлттық ұлан әскерінің сарбаздары да атсалысты.

Нәтижесінде сағат 13:00-да жоғалған балалар Ынтымақ шағынауданы аумағынан аман-есен табылып, отбасына жеткізілді.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру