Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жоғалған бүлдіршін аман-есен табылды

Шымкентте жоғалған бүлдіршін аман-есен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылы 7 сәуір күні «102» арнасы арқылы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне «Арбат» алаңында бүлдіршіннің ата-анасынан адасып кеткені туралы хабарлама түскен.

Тез арада полицейлер айтқан мекен-жайға келіп, адамдар арасынан балақайды іздеуге кіріседі. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде араға аз уақыт салып, тәртіп сақшылары осы маңнан жеті жасар бүлдіршінді аман-есен тапты. Өз кезегінде, қыздың әкесі Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының полицейлеріне жоғалған қызын табуға көмектескені үшін шынайы алғысын білдіріп, тәртіп сақшыларының жұмысына табыс тіледі.

– Аяқ астынан қызымызды таппай қалдық. Бірден полиция қызметкерлеріне хабарластық. Қас пен көздің арасында таппай қалдық. Сіздерге рахмет аман-есен тауып берген, – дейді әкесі.

Шымкент қаласының полицейлері ата-аналарға өздерінің балаларына қырағы болуды, олар аулаға немесе көшеге ойынға шыққан кезде назардан тыс қалдырмау қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру