Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жоғалған қызы аман-есен табылған ана полицейлерге алғыс айтты

Шымкентте жоғалған қызы аман-есен табылған ана полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні Шымкент қаласының тұрғыны тоғыз жастағы қызының жоғалып кеткені туралы арызданған.

Анасының айтуынша қызы сағат шамамен 13:00-де мектепке шығып кетіп, қайта оралмаған. Аталған жайт бойынша Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларына кіріскен. Тәртіп сақшылары баланың ата-анасынан кішкентайдың фото суреттерін алып, іздестіру шаралырын жүргізген.

Нәтижесінде 4-сынып оқушысы сағат 21:38 шамасында «Спорт» шағын ауданынан аман-есен табылды. Тәртіп сақшылары балаларды назардан тыс қалдырмауларын сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру