Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі шымкенттік есірткімен ұсталды

Шымкентте полицейлердің назарын аудартқан екі азаматтан есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 20 қаңтарында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы №20 УПП-нің жауапты учаскелік полиция инспекторы Ернар Қошанов өзінің әріптестерімен профилактикалық жұмысты жүргізіп, әкімшілік аумақты аралау кезінде жолдың бойында тұрған 48 жастағы ер азамат өзінің іс-әрекетімен назар аудартады.

Полицейлер аталған азаматтың алдына барған кезінде ол қойған сұрақтарға нақты жауап бере алмай, күле бастаған.

Тексеру барысында оның шалбарынан екі дана пипетка және қағазға оралған есірткі затына ұқсас зат анықталып, тәркіленіп алынды.

Арада бірнеше минут өткен соң сол аумаққа жақын жерде 36 жастағы екінші азамат есірткі затына ұқсас затымен анықталды.
Учаскелік полиция қызметкерлері аталған екі азаматты полицияға жеткізді. Тексеру жүргізілгеннен кейін әр азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру