Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Атыраулық полицейлер бір күнде жол қозғалысы ережелерін бұзған 458 жүргізушіні жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда жол-көлік оқиғаларын болдырмау, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 2021 жылдың 26-30 қаңтары аралығында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның тек​ бір күнінде​ жол қозғалысы ережелерін бұзудың 458 дерегі анықталды. Оның ішінде белгіленген жылдамдық деңгейін арттырудың 72 дерегі, көлік құралын пайдалану кезінде ұялы телефонмен сөйлесудің 36 дерегі, қауіпсіздік белдігін тақпаудың 69 дерегі, масаң күйде көлік құралын басқарудың 21 дерегі, жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 56 дерегі, құжатсыз көлік құралын басқарудың 51 дерегі, маневр жасау қағидасын бұзудың 16 дерегі бар.

Осы орайда өңірдің тәртіп​ сақшылары көлік жүргізушілерін жолда сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру