Шымкентте жол ережесін бұзған «Toyota» иесіне хаттама толтырылды
Шымкентте полиция халықпен кері байланыс орнату жұмысын күшейтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Баршаңызға белгілі, 2021 жыл құқық бұзушылықтардың алдын алу және “жұртқа жақын полиция” қағидатын қамтамасыз ету жылы болып жарияланды.
2021 жылдың 4 наурызында жергілікті тұрғын Шымкент қаласындағы Иляева көшесінің бойында «Toyota» автокөлігі жол жүру ережесін бұзып, басқа жол қозғалысының қатысушыларына кедергі жасағаны бойынша ақпарат пен фотоны Полиция департаментінің «Жедел әрекет ету» чатына жолдаған.
Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізу барысында ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 2-тармағымен әкімшілік хаттама толтырды.
Құрметті жүргізушілер және жол қозғалысының қатысушылары, Сіздерді жол қозғалысының басқа қатысушыларына құрметпен қарауды және жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз.