Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттегі сауда үйде орналасқан ойын залының жұмыс істеп тұрғандығы анықталды

Шымкенттегі сауда үйде орналасқан ойын залы адам қабылдап, жұмыс істеп тұрғандығы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 тамыз күні сағат 22:40 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаментіне «102» байланыс пульті арқылы Түркістан және А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан «СӘТ» сауда орталығында карантин режимі бұзылуда деген хабарлама келген.

Шақырту орнына барған кезде Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалды полиция басқармасының қызметкерлерімен рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Түркістан және А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан «СӘТ» сауда орталығының екінші қабатында «PROFIT» ойын залында болған бір азаматша мен бір азаматтан түсініктеме алынды. Олар өздерінің түсініктемесінде «ойын залы жұмыс істеп тұрған жоқ» деп айтып көрсеткен.

Мұнан соң, Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының Жедел тергеу тобы келіп, «PROFIT» ойын залындағы компьютерлерді және ойын залының ішіндегі бейнебақылау камерасының сақтау процессорын тәркілеп алып кетті. Тәркілеп алынған айғақты заттарды Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолдаған.

Шымкент қаласы Түркістан көшесі мен А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан «СӘТ» сауда орталығының екінші қабатында «PROFIT» ойын залының жұмыс істеп тұрғаны бойынша жеткілікті дәлелдің болмауына байланысты,тергеуші тәркілеп алып, Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолдаған сақтау процессіндегі бейне жазбаны қараған соң шешім қабылдау үшін Шымкент қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жолдау мәселесі қаралады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру