Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішімдік ішкен ер адам әйелін пышақтамақ болды

Шымкенттік ішімдік ішіп, әйеліне пышақ ала жүгірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына “102” пульті арқылы Төлеби көшесі №21б үйден тұрғын көмекке шақырып жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Хабарлама бойынша Жедел тергеу тобы оқиға орнына барған сәтте, №17 пәтер тұрғыны, А. есімді ер адам сағат 22:00 шамасында күйеуі үйінің кіре беріс жерінде сыра ішіп отырған кезінде, кенеттен қолына пышақ алып, оны дене жарақатын саламын және газ баллонды жарамын деп қорқытқан. Аталған мекенжайға Патрульдік полиция полкінің полицейлері М.Қуандықов және Н.Шувулдақов жедел жетіп, азаматты сабырға шақырып, келеңсіз оқиғаның алдын алды.
Орын алған оқиғада ҚР ҚК-нің 115 бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар. Алайда А. есімді тұрғын арыз жазудан бас тартқан. Осы аймаққа жауапты жергілікті учаскелік полиция инспекторы аталған отбасымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, аталған жанұяға қатысты осы уақытқа дейін көршілер мен туысқандар тарапынан ешқандай арыз-шағым түспеген, Еңбекші ауданы Полиция басқармасында арнайы есепте тұрмайды және жеткізілмеген, сонымен қатар шақыртулар болмаған. Қазіргі таңда жергілікті учаскелік инспектор жағдайды тұрақты бақылауда ұстауда.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру