Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абаттандыру қағидаларының 6 мыңнан астам бұзушылығы анықталды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жыл басынан абаттандыру қағидаларының 6 мыңнан астам бұзушылығын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұсқынсыз қасбеттер, ластанған іргелес аумақтар кез-келген елді мекеннің сыртқы келбетін бұзып қана қоймай, санитарлық жағдайға да әсер етеді. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері халықпен, ПИК төрағаларымен, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен, қоқыс жинауды жүзеге асыратын кәсіпорын басшыларымен профилактикалық жұмыс жүргізеді. Абаттандыру қағидаларына сәйкес аумақты жинау және тиісті ұстау бойынша уақтылы шаралар қабылдануы тиіс. Елді мекендердің аумағын абаттандыру қағидаларын сақтамағаны, инфрақұрылым объектілерін бұзғаны, жасыл екпелерді бүлдіргені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабымен жауапкершілік көзделген. Учаскелік полиция инспекторлары күнде аула-аулаларды аралап, барлық ұйымдастырушылық-құқықтық нысандардың жеке және заңды тұлғалары, оның ішінде тұрақты және уақытша объектілердің иелері дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етуге; кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарауға, көшелер және үй нөмірлері көрсетілген тақталарды, қоршауларды және шағын сәулеттік нысандарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстауға міндетті екенін түсіндіреді. Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ескерту немесе жеке тұлғаларға 20 АЕК (55 560 тг), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 30 АЕК (83 340 тг), орта кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК (111 120 тг), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК (277 800 тг) мөлшерінде айыппұл көзделген.

Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімі ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы әкімшілік учаскені тексеру кезінде Промышленная, 7 мекенжайы бойынша орналасқан ЖК-нің біріне жақын аумақта құрылыс материалдары қалдықтарының үйіндісін қалдыру фактісін анықтады. Елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ЖК иесі 83 мың 340 теңге сомасына 30 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі ҚР ӘҚБтК 505-бабының 1-б. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

СҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Григорий Тыштың айтуынша, полицейлердің мақсаты айыппұл салу емес.

– Бұл шараға бірнеше рет ескерту жасағаннан кейін ғана жүгінеді. Жыл басынан ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 6516 адам тартылды, оның ішінде 137 бұзушыға айыппұл салынды, – деп статистиканы келтірді полиция подполковнигі.

Анықталған бұзушылықтардың басым бөлігі жеке тұлғалармен аумақтарын уақтылы тазаламау фактілеріне тиесілі: көшелерді, алаңдарды, жол үстін және жалпыға ортақ демалыс орындарын ластау.

Полицейлер жалпы экологиялық мәдениет тұрғылықты жерді, жұмыс, демалыс орнын тазалықта ұстаудан қалыптасатынына сенімді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру