Шымкентте зорланған әйелдің ісін ПД басшысы өз бақылауына алды
Шымкентте полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов зорланған әйелдің ісін өз бақылауына алып, жәбірленушіні қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz
23 мамырға қараған түні Шымкент қаласында ер азамат 37 жастағы әйелді үйіне қонаққа шақырып, мастықпен ұрып-соғып, зорлаған. Артыншла әйелдің өзі полицияға жүгініп, жәбірленушінің сіңілісі әпкесінің жағдайын айтып, белгілі құқық қорғаушы Дина Тансаридің көмегіне сүйенген.
Жәбірленуші бұл жағдайда полиция өзін қорғап қалатынына үміттенетінін айтады.
– Жәбірленуші әйелді 25 мамыр күні таңертеңгі сағат 11-де өзім жеке қабылдадым. Сол кезде өзіне де әйелді зорлаған кез келген адам заң алдында тиісті жазасын алатынын айттым. Түптеп келгенде, бұл біздің – ол әйелдің алдындағы, оның отбасы алдындағы, жалпы азаматтар алдындағы борышымыз. Әйелге жасалған зорлық түбі – қатаң жазаға әкеп соғатынын әр адам түсінуі керек. Мысалы, ол біреудің анасы, қызы, апасы, я болмаса құрбысы боп келеді. Әйел зорлаған адам заң алдында тиісті жазасын алады, – деді Шымкент қаласы ПД басшысы Ералы Жұмаханбетов.
Қазір осы қылмысқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігі (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу кезінде оның өз үйінде ішімдік ішіп, жәбірленушіні ұрып-соғып, артынша зорлағаны да белгілі болды. Мамандармен тиісті сараптамалар жасалып жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.