Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік 58 жыл отасқан жанұя қазақстандықтарды отбасы күнімен құттықтады

Шымкенттік 58 жыл отасқан жанұя қазақстандықтарды отбасы күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасы – қасиетті ұғым. Ортақ шаңырақ астында бақытты өмір сүру үлкен бақыт. Ерлі-зайыпты Үсіпбаевтар әулеті еліміздегі көпке үлгі жанұялардың бірі. Жан-жарымен 58 жыл отасқан Асылбек Үсіпбаев бүгінде төрт ұл мен бір қызды тәрбиелеген, барлығын аяқтандырған. Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған құтты шаңырақ – Қазақстандықтарды отбасы мерекесімен құттықтады. Ынтымағы ұйысқан әулеттің қос қариясы құқық қорғау саласында қажырлы еңбек еткен. Бүгінде ардақты әке жолын ұл-қыздары жалғап келеді. Адал еңбек пен маңдай тердің нәтижесінде абырой-құрметке ие болған отбасы үшін жанұяның берекесі бірінші орында. Бүгінде 13 немере мен үш шөберенің ақылгөй қариясы, ақ самайлы әжесі атанған олар перзенттеріне елге адал қызмет етудің үлгісін көрсетіп отыр.  Әрқашан ардан аттамай, абырой биігінен түспеу үшін адал қызмет ету керектігін ескертіп келеді. Қызмет бабында халықтың алғысын алудан өзге  бақыттың жоғын еске салып отырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру