Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер “Дәрмек” іс-шарасын қорытындылады

Шымкентте “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 17 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 22-26 ақпан аралығында есірткінің заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Іс-шараның мақсаты – Шымкент қаласының аумағында есірткі құралдарының, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына тосқауыл қою, контрабандалық әкелу мен әкетуді, сондай-ақ бақылаудағы заттарды заңсыз айналымға шығару деректерін анықтау және жолын кесу болып табылады. Аталған іс-шара аясында химия-фармацевтикалық, өнеркәсіптік, жеке кәсіпкерлік субъектілері, дәріханалар мен медициналық мекемелерде құрамында есірткі құралдары және психотроптық заттары бар дәрі-дәрмектердің заңсыз айналымға түсуіне жол бермеу, арнайы рұқсатсыз жеке медициналық тәжірибемен және жеке фармацевтикалық жұмыспен айналысатын тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Іс-шара барысында есірткімен байланысты 17 құқық бұзушылық анықталып,  бұрын жасалған  1 қылмыс ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру