Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер көлігі бұзылып қалған жүргізушіге көмектесті

Шымкенттік полицейлер көлігі бұзылып қалған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары жолда түрлі қиындықтарға тап болған жолаушы мен жүргізушілерге қашанда көмек қолын созуға дайын.

Мәселен, Ш.Рашидов пен Ә.Жангелдин көшелерінің қиылысында жол ортасында автокөлігі бұзылып қалған жүргізушіні Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің инспекторлары Алдан Мылтықбай мен Жандос Туребеков қызмет атқару барысында байқайды. Автокөлікке жақындап, жүргізушіден қал-жағдайын біліп, қандай да бір көмек керек пе деп, жөн сұрайды.

Белгілі болғандай. көлігі бұзылған жүргізуші мүмкіндігі шектеулі жан екен. Содан тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, эвакуатормен автокөлікті көлік жөндеу бекетіне жеткізеді.

Полиция қызметкерлерінің бұл әрекетіне тәнті болған көлік иесі өз алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру