Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда түнгі уақытта көшеде ән айтқан жігіт жауапқа тартылды

Павлодарда түнгі уақытта көшеде ән айтқан жігіт жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының көшесінде сағат 04.00-де өтіп бара жатқан жас жігіт “Түнгі қала бүгін біздікі болады” әнін орындады.

– Павлодар қаласының полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде 21 жастағы мас павлодарлық Ак.Шөкин көшесінде серуендеп бара жатып ән айтқан. Осындай мінез-құлық үшін жас жігітке қатысты ҚР ӘҚБК 440-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар тек бір тәулік ішінде 34 мас адам ұсталды, – деді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Алтынбек Медияров.

Павлодар қаласының жолдары мен көшелеріндегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында Полиция басқармасының қызметкерлері тұрақты рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Бұдан басқа, тәулік бойы “102” нөмірі бойынша келіп түсетін барлық шақыруларға қызметкерлер дереу шығады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру