Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер мұқтаж жанға арнап қан тапсырды

Шымкенттік полицейлер қанға мұқтаж науқасқа донор болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22шілде күні Шымкент қаласы Полиция департаменті Анықтау басқармасының жеке құрамы қан тапсырды.

Тәртіп сақшылары А. есімді тұрғынға қан қажет екенін естіп, оның өмірін сақтап қалу мақсатында қол ұшын беруге шешім қабылдайды. Дәрігерлер науқасқа «асқазан ісігі» диагнозын қойған. Осы мақсатта полицейлер «Қалалық қан орталығы» мекемесіне барып, арнайы медициналық тексеруден өтіп, қан тапсырды. Осылайша Шымкенттік полицейлер кезекті рет қайырымдылыққа атсалысып, аурумен күресіп жатқан науқастың өмірін сақтап қалуға өз үлестерін қосты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру