Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин талабын бұзған сауна анықталды

Шымкентте полицейлер рейдтік іс-шара жүргізу барысында карантин талаптарын елемеген кәсіпкерлік нысандарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Covid-19 инфекциясының алдын алу және таралуын болдырмау мақсатында Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №25,26,27 Қаулылары шығарылған.

Осыған сәйкес Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі рейдтік іс-шара жүргізу барысында карантин талаптарын елемеген кәсіпкерлік нысандарын анықтады.

2020 жылдың 26 шілде күні сағат 01:31 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына “102” телефоны арқылы Шымкент қаласы Ташенов көшесі №119 үйде орналасқан “Оңаша” саунасының жұмыс жасап жатқандығы туралы хабарланған.

Аталған жайт негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 804-бабының 1-бөлігінің 22-тармақшасына сәйкес аталған нысан иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы 3-бөлігімен процессуалды шешім қабылдау үшін жинақталған іс-құжаттар Әл-Фараби ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру