Шымкенттік полицейлер тергеу саласының зейнеткерін мерекемен құттықтады
Шымкенттік полицейлер тергеу саласының зейнеткерін мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа жыл қарсаңында Шымкент қаласының Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Даулеткелді Абдраманов тергеу саласының зейнеткері Мамыр Нұрхановтың үйіне барып, мерекемен құттықтап қайтты. Мамыр Нұрханов 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
1976 жылы Алматы қаласында ІІМ мектебін аяқтап, сол жылы ОҚО ІІД Абай ПБ тергеуші лауазымына тағайындалған. Аталған лауазымда 1976-1977 жылдар аралығында қызмет атқарып, 1977-1980 жылдары аталған полиция бөлімінде жедел уәкіл лауазымында қызметте болған.
1981 жылы ОҚО ІІД Еңбекші ПБ бастығының орынбасары, 1984 жылы ОҚО ІІД Шымкент ҚІІБ Аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, 1985 жылы ОҚО ІІД Шымкент ҚІІБ бөлім бастығы, 1987 жылы ОҚО ІІД Шымкент ҚІІБ тергеу бөлім бастығы, 1990-1996 жылдары ОҚО ІІД Еңбекші ПБ бастығы, 1997-2001 жылдары ОҚО ІІД Шымкент ҚІІБ бастығы болып қызмет етіп, 2001 жылы зейнетке шыққан.
Тергеу басқармасының бастығы Даулеткелді Абдраманов пен жеке құрам қызметкерлері Мамыр Нұрхановты Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сый-сияпаттарын табыстап, деніне саулық тіледі. Өз кезегінде тергеу саласының майталманы тәртіп сақшыларына алғысын айтып, еңбектеріне табыс тіледі.